Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 04-2-2-5/7729 Хаты

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау  министрлігінің
2007 жылғы  21 тамыздағы № 04-2-2-5/7729 Хаты

 

Қазақстан кәсіпкерлері форумының атына

2007 жылғы 12 шілдедегі № 01-7-67 хатқа жолданған

 

Автокөлік құралдарынан шығарылатын зиянды заттарға рұқсат алу қажеттілігіне қатысты.

Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Экологиялық кодекс) 28-бабының 6-тармағына сәйкес жылжымалы көздерге арналған техникалық регламенттерде шығарынды газдардағы атмосфералық ауаны негізінен ластайтын заттардың шекті шоғырлануы түрінде белгіленеді.

Техникалық регламенттің талаптарын орындаудын өнімді өндіру кезінде жүзеге асырылатынын және өнімнің нарықтағы айналысы үшін қажетті талап болып табылатынын атап өткен дұрыс.

Осылайша, Экологиялық кодекс жылжымалы кездерді өндірушілер үшін шығарындылар бойынша талаптарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушылары үшін жылжымалы кездерден шығарындыларды газдардағы ауаны ластайтын заттардың шекті шоғырлануы түрінде ғана нормалауды көздейді.

Кодекстің 25 және 26-бабында белгіленгендей, эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері және ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылары экологиялық рұқсаттардың негізі болып табылады.

Жылжымалы көздерге арналған осындай нормативтер осы уақытқа дейін әзірленбегенін ескерсек, онда тиісінше жылжымалы көздерден шығарылатын шығарындыларды жүзеге асыруға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу жөніндегі талап автокөлік құралдарынан шығатын зиянды заттардың шекті шоғырлануын айқындайтын техникалық регламенттер бекітілгенге дейін жүзеге асырылмайды.

 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ҚОӘБ жобасын әзірлеуге қатысты.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.