Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын.