Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотын құру туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріске байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық соты құрылсын.