(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 25.09.04 Ж. № 264 ҚАУЛЫСЫ

Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу,
бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу
Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 264 қаулысы

(2007.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 16 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08. № 310  қаулысымен атауында және мәтін бойынша  сөздер өзгертілді  (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына, 49-бабына, Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6)-тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:

1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті"-пруденциалдық нормативі белгіленсін.

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08  № 310  қаулысымен  2-тармақ өзгертілді  (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу  Ережелері бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.