«Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 186-ө Бұйрығы (күші жойылды)

Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін және оларды жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 186-ө бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 418-ө бұйрығымен күші жойылды

 

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі;

2) Әйелдердің жүкті қолмен көтеру және алып жүруінің шекті нормалары бекітілсін.

2. «Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 жылғы маусымда, № 15, 101 бетте жарияланған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы № 44-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С. С. Әбденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен белгіленген заңнамалық тәртіппен баспасөз құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. М. Құрмановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

«Келісілген»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

2007 жылғы 31 шілде

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.