Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттама
(1966 жыл 19 желтоқсан)
2009 жылғы 11 ақпандағы № 130-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды, мәлімдеме жасала отырып
Осы Хаттамаға қатысатын мемлекеттер,
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің (бұдан әрі - Пакт деп аталатын) мақсаттарына алдағы уақытта қол жеткізу және оның қаулыларын жүзеге асыру үшін өздерінің Пактіде баяндалған қайсыбір құқықтарының бұзылуының құрбаны болып табылатындығына сендіретін жекелеген адамдардың хабарламаларын, осы Хаттамада көзделгеніндей, қабылдау мен қарау мүмкіндігін Пактінің IV бөлімінің негізінде құрылған Адам құқықтары жөніндегі комитетке (бұдан әрі - Комитет деп аталатын) беру орынды болатынын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Хаттаманың қатысушысы болатын Пактіге қатысушы мемлекет - Пактіде баяндалған қайсыбір құқықтарын осы қатысушы мемлекеттің бұзуының құрбаны болып табылатындығына сендіретін, оған тиесілі заңды тұлғалардың хабарламаларын Комитеттің қабылдау және қарау құзіретін таниды. Комитет, осы Хаттаманың қатысушысы болып табылмайтын, Пактіге қатысушы мемлекетке қатысты болса, ондай бірде-бір хабарламаны қабылдамайды.
Пактіде санамаланған құқықтарының қайсыбірі бұзылды деп сендіретін және де құқықтық қорғаудың қолда бар барлық ішкі құралдарын тауысқан адамдар 1-баптың ережелерін сақтаған жағдайда, Комитеттің қарауына жазбаша хабарлама тапсыра алады.
Комитет осы Хаттамаға сәйкес ұсынылған, иесі көрсетілмеген немесе оның пікірінше, осындай хабарлама беру құқығын теріс пайдалану болып табылатын немесе Пактінің ережелеріне сай келмейтін кез келген хабарламаны қабылдауға болмайды деп тани алады.
1. 3-баптың ережелері сақталған жағдайда Комитет оған осы Хаттамаға сәйкес тапсырылған Пактінің қайсыбір ережелері бұзылды деп сендіретін кез келген хабарламаны осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттің назарына жеткізеді.