Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 792 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 681-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;»;
18-тармақтың 2) тармақшасында «суда жүзетін жабайы құстардан» деген сөздер «құстардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігінсіз;»;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
мына:
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.