Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі №610 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 857 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі №610 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 857 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 92-93 жолдармен толықтырылсын: «92 Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау 10 және тиеп жөнелту

93 Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызмет 10 ».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.