7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының 1654000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу;
- «Қазақстан Мұрағаттары» журналын 1000 дана тиражбен шығару;
- 45 саяхат өткізу;
- 4 семинар өткізу;
- Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу;
- Мұрағат құжаттарының 220 000 бірлігін қайта қалпына келтіру;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 520 000 шағынфильмдерінің сақтандыру қорын құру;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 520 000 микрофильмдерінің пайдалану қорын құру;
- шет елдердегі мұрағаттарға, кітапханаларға ғылыми экспедиялар (ic сапарлар) ұйымдастыру;
- 263 толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру;
- әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, соның ішінде, 1700 ұсыныстарды орындау;
- 150 тақырыптық ұсыныстарды орындау;
- БАҚ-та 30 мақала жариялау;
- зерттеушілерге 22500 сақтау бірлігін оқу залы арқылы беру;
- Тұрақты сақталатын 6000 істер тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиясында бекіту;
- Халықаралық мұрағаттар кеңесі Еуразиялық аймақтық бөлімшесінің 8-жалпы конференциясын өткізу;
- мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және жұмыс тәжірибесіне халықаралық тәжірибені ендіру үшін шетел мемлекеттерінің мұрағаттарына, ғылыми орталықтарына және институттарына мұрағат ісі саласындағы қызметкерлерді тәжірибе алмасуға жіберу;
- «Қазақстан Мұрағаттары» веб-сайты қызметінің құралдары арқылы мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы жаңа нормативтік және әдістемелік әзірлемелермен ақпараттандыру;
Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеудің 2 кезеңін аяқтау.
Сатып алу:
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті мемлекеттік мұрағаттардың деректі материалдарын шағынфотокөшірмелеу және қайта жаңғырту орталық зертханасына: мұрағаттық құжаттарды шағынфотокөшірмелеу үшін құралдарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 40 жабдық; серверлер - 2 бipлік, көшірме аппараты - 2 бірлік; 15 сейф, шағын нысандарды оқу үшін қондырғы - 1 бірлік, экспозициялық витриналар - 30 бірлік.
Тарихи және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей қолжазбаларды, құжаттар көшірмелерін, аса құнды құжаттық коллекцияларды, жеке қорларды сатып алу (шағын фильмдер жасау).
Соңғы нәтиже: ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызмет ету, материалдық-техникалық базасын жетілдіру, мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін әрі қарай дамыту және жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтау (басқару, ғылыми-техникалық құжаттама істері, бюкс, негатив және позитив кадрлер, магнитті диск, слайд, шағынфиша, жеке қор құжаттары) 118 теңгені құрайды.
Уақтылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: мемлекет пен қоғам сұранысын өткенді шолатын ақпаратпен қанағаттандыру және сақталу жағдайын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
75-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 999263 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан тоғыз миллион екі жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: келесі іс-шараларға қатысу және өткізу: кемінде 7 байқау, 6 мерейтойлық іс-шаралар, 7 фестивальдар, 7 мерекелік күндер, 24 басқа да іс-шаралар.
Түпкі нәтиже: халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 19 985 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.
Сапасы: адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
76-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3381841 мың теңге (үш миллиард үш жүз сексен бір миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.