(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен Қазақстан және одан тыс аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: кем дегенде 1857 спектакльдер, концерттер өткізу;

республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 45 763 көрерменнің келуін қамтамасыз ету;

15 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер;

M.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының күрделі жөндеуін аяқтау;

Республикалық неміс драма театрының күрделі жөндеуін жүргізу;

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы мен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрі ғимараттары күрделі жөндеуінің 1 кезеңін жүргізу.

Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, жарықтық, музыкалық қондырғылар; компьютерлік техника; костюмдер, сахна киімдерін тігу; жиhаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғылар, тұрмыс техникаларын сатып алу.

Түпкі нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 1 театрдың күрделі жөндеуін жүргізуді 100% қамтамасыз ету, 1 оркестрдің күрделі жөндеуін 38%, филармонияның - 45% және 2-театрдың 97,3% орындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 10 000 мың теңге.

Уақтылығы: репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сапасы: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектакльдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

77-ҚОСЫМША

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1296739 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан алты миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхананың жұмысын динамикалық дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы ақпаратты сақтау және тұрғындарға жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;

- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;

- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу;

- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;

- 25 түрлі іс-шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);

- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;

- 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;

- 2 реабилитациялық байқау өткізу;

- қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттерді дыбыстандыру - 400 сағат.

Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығын құру және "РБНСГ-Вести" газетін шығару арқылы көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсетуді жақсарту.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар: тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім салаласындағы әдебиеттер - 3000 дана, жиһаздар, компьютерлер - 10 комплект, принтерлер - 6 дана, кондиционерлер - 4 дана, стеллаждар - 20 дана, тасымалдауға арналған арбалар - 8 дана, сканерлер - 3 дана, көшірме аппараттары - 2 дана, термобиндер сатып алу.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға: қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, оның ішінде арнайы әдебиет - 2050 дана; автокөлік - 1 бірлік; шкафтар, үстелдер, тумблер - 46 дана; брайлер принтері үшін дыбыс шығармайтын шкафтар - 2 дана; техникамен жабдықтау үшін компьютерлер - 3 дана; оқу және сканерлеу үшін «Поэт» сканері және бағдарламалық қамтамасыз ету; Video light VGA-нашар көретіндерге арналған электрондық үлкейткіш құрал сатып алу.

Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына: медиа-басылымдарды сақтау үшін арнайы шкафтар - 30 дана; жиһаздар, қорды толықтыру үшін әдебиеттер және электрондық кітаптар (қазақстандық және шетелдік баспалардан), орташа класты серверлер, пайдаланушылардың жұмыс станцияларын, тифлокешен, мобильдік тренингтік класс - 1 дана, диссертациялардың электрондық базасын, ҚазҰЭК-ға арналған жабдықтар, материалдық емес активтер сатып алу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеудің 2 кезеңін жүргізу.

Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.

Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарлату.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

78-ҚОСЫМША

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 32583 мың теңге (отыз екі миллион бес жүз сексен үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Республикадағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: баспа мұрағаты құжаттарының сақталуын, жасақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларға қол жеткізу.

Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:

кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;

журналдар - 3 763 баспа бірлігі;

газеттер - 56 200 баспа бірлігі;

ноталар - 150 баспа бірлігі;

ұсақ баспа - 7 828 баспа бірлігі;

жырлар шығару - 48 номер 11 атпен.

Мемлекеттік ұлттық кітап палатасына: арнайы принтер; штрих-код сканері - 2 дана; коммуникатор; үздіксіз қоректену көзі - 4 дана сатып алу.

Түпкі нәтиже: барлық баспалардың баспа өнімдеріне 5 103 451 дана бойынша бақылау және оған ғылыми өңдеуді жүргізуді нығайту, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді caқтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.

Уақтылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.

Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

79-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 12077842 мың теңге (он екі миллиард жетпіс жеті миллион сегіз жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату;

елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;

«Қазақстан-2030» даму Стратегиясын жүзеге асыруда халықты мемлекеттің қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;

қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

Мемлекет басшысының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;

мемлекеттік ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;

кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;

білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз  ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;

елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;

тұрғын үй, «электронды үкімет» және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;

мемлекеттік тілді дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: