7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мынадай санда материалдарды дайындау және басып шығару:
- 11138 газет жолдары, жалпы таралымы 219 454 мың дана,
- 810 баспа-есеп журналдардың беттері, жалпы таралымы 2548 мың дана;
"Қазақстан" ұлттық телеканалының ортакүндік көлемі - 18 сағат, «Қазақ радиосы» - 24 сағат, «Облыстық теледидары» (13 облыс және 1 қалалық ТРК) - 42 сағат, «Астана» радиосы - 18 сағат, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы арқылы «Шалқар» радиосы - 18 сағат; «Хабар» - 20 сағат, «Ел арна» - 16 сағат және «Хабар» агенттігі арқылы «Caspionet» - 24 сағат, «Еуразия - бірінші каналы» - 7 сағат.
Қазақстан және ТМД телерадиоканалдарында Қазақстан және ТМД елдерінің экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясында шығару және орналастыру - 10 сағат.
Электронды БАҚ-да мемлекеттік тілде деректі фильмдер, теледидарлы және радиобағдарламалар шығару - 4730 сағат.
Салық заңнамалары бойынша 100 көрсетілімді 33 роликтерді шығару 100 рет көрсете отырып.
Түпкі нәтиже: тұрғындарға хабарламаларды арттыру, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялау, Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: газет және журналдар шығарылатын бір таратылымның орташа бағасы 5,3 мың теңге.
Телеканалға шығудың бір сағаттық бағасы:
«Хабар» - 152 946 теңге;
«Қазақстан» - 125 870 теңге;
«Ел арна» - 124 846 теңге;
«Caspionet» - 37 572 теңге;
«Қазақ радиосы» - 62 935 теңге;
«Облыстық телеарна» - 75 522 теңге;
«Астана» радиосы - 31 467 теңге;
Шалқар радиосы - 31 467 теңге;
Телеканалдарда таратудың 1 сағаттық бағасы:
«Хабар» - 128 707 теңге;
«Қазақстан» - 130 504 теңге;
«Ел арна» - 65 667 теңге;
«Caspionet» - 14 304 теңге;
«Еуразия - 1 канал» - 88 312 теңге;
«Қазақ радиосы» - 62 477 теңге;
«Облыстық телеарна» - 1 927 теңге.
Уақтылығы: газеттермен журналдарды, телерадиобағдарламаларды қойылған уақытында көрсету және шығару.
Сапасы: «Қазақстан», «Хабар», «Ел-арна» телеканалдар мен республикалық маңыздағы қалалардағы басқа телерадиобағдарламаларды, газеттер мен журналдарды 100%, басқа өңірлерде (аудан, ауылдық жерлерде) 98,1% шығару мен көрсету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
80-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 806695 мың теңге (сегіз жүз алты миллион алты жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету; өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін айқындайтын өзекті, мазмұнды шығармаларды, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару; Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру; тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, мемлекеттік тілдегі жазба және ұлттық әдебиеттің жақсы үлгілерін мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктерін әзірлеу және шығару, Ұлттық мұрағат қорын байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 440 атаулар бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9870 басылым беттері, әр басылымның таралымы 1000-нан 3000 данаға дейін, 14 облысқа Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан кітапханалар үшін 2000 бірлік құрамында жіберіледі.
Түпкі нәтиже: қоғамның рухани әлеуеттігін бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік арқылы нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтік-мәдени инфраструктураны дамыту және сақтау, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының дамуы жағдайын қамтамасыз ету, мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрдің ауқымды оқыту жүйесін құру, көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау, ғылымдық және көркемдік топтастырылған серияларды құру; әлемнің озық жетістіктер базасында мәдениет пен әдебиеттің, ғылыми ойлаудың гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір басылымды шығарудың және жеткізудің орташа шығыны 1122 теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқырмандардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау.
Сапасы: оқырмандардың санын көбейту, елдегі халықтардың интеллектуалдық, рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, қазақ тілінде әлемдік көркем әдебиеттердің теңдесіз туындыларын шығару, өскелең ұрпақты жалпыәлемдік идеалдар құндылығы рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту, әлеуметтік-коммуникативтік қызметті ұлғайту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
81-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында
мемлекеттік саясатты жүргізу»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400341 мың теңге (төрт жүз миллион үш жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының Ережесі туралы» 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламаларын талқылау мен нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия туралы» 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы туралы» 2006 жылғы 25 маусымдағы № 154 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі саяси тұрақтылықты бекіту туралы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, қоғамда демократиялық бастамаларды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға жағдай туғызу, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделін жетілдіру, саяси реформаларды қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: демократиялық процестер мен азаматтық қоғам институттарын жүйелі дамуына бағытталған шаралар жиынтығын жүзеге асыру, демократиялық құндылықтарды қорғау жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың тиімді ынтымақтастығына қажетті жағдай жасау, этносаралық келісімді жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты ынтымақтастық жүйелерін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мына жағдайлар бойынша Министрліктің жиынтық іс-шараларын жүзеге асыруға идеологиялық, насихаттық және ақпараттық жұмысының жүйесін жасау:
Елбасының бағдарламалық баяндамаларын, "Қазақстан 2030" Стратегиясын, Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауын, 2006-2008 жылдарға арналған Yкіметтің Бағдарламасын, 2007 жылғы маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларды ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету:
- қоғамдық-саяси бағыттағы 8-ден кем емес жалпы республикалық іс-шараларды дайындау және өткізу, соның ішінде Елбасының қатысуымен;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған (республикалық конференция) және жастар мен студенттердің арасында азаматтық позицияның белсенді қалыптасуына бағытталған (республикалық жастардың ойын-сайыс турнирі) атты 2 көлемді шараны өткізу;
- 4 әлеуметтік мониторингтерді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша 1 әлеуметтік зерттеу, қоғамдық-саяси жағдайларды зерттеу мен болжауға бағытталған 2 эксперттік сауал, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсініктерін анықтау бойынша 2 эксперттік сауал өткізу;
- қоғамдық бірлестіктердің 85-ке жуық маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға қажетті жағдай туғызу;
- ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған 5 үлкен көлемді іс-шара өткізу (10 000-ға жуық адамның қатысуымен), соның ішінде қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімге 2 республикалық мониторинг жүргізу.
Түпкі нәтиже: демократияны дамыту, саяси өмірді модернизациялау мен либерализациялау, ел азаматтарының саяси мәдениетін қалыптастыру, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың, саяси партиялар мен қозғалыстардың ынтымақтастығын нығайту, билік жақтастарын және билік тұғырнамасына еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күшін нығайту, тұрғындардың мемлекеттік билік органдарға деген сенімдерін жоғарылату. Қазақстан азаматтарының рухани-адамгершілік қажеттіліктерін, патриотизмді дамыту;
Халықаралық қоғамның көзінде Қазақстан Республикасының имиджін көтеру. Қазақстанның әлемдік бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылу идеясын жалпы халықтық салмақты сезінуін қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын орташа шығын - 3867 мың теңге;
әлеуметтік маңызды бір жобаны өткізуге жұмсалатын орташа шығын - 3 518 мың теңге;
бір әлеуметтік зерттеуге жұмсалатын орташа шығын - 1557 мың теңге.
Уақтылығы: әлеуметтік-маңызды іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапасы: демократиялық жаңаруды, елдің модернизациялануын жеделдету, ұлтаралық бірлікті, қоғамдық келісім және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
82-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3100000 мың теңге (үш миллиард бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 «2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі кейінгі шаралар туралы» Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосы, «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінің бағдарламаларымен халықты барынша көп қамтуға жету және жоғары сапалы өнімді шығару. Тиімді өндірістік-техникалық базаны құру, салаға қаржы салу үшін қолайлы жағдайды жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, тұлға, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Теледидар мен радио бағдарламаларының техникалық сапасын жоғарлату, халықты «Қазақстан» телерадиобағдарламаларымен, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерімен барынша қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже: бюджеттік бағдарламаны орындалу нәтижесінде «Қазақстан» РТРК АҚ үшін радио және телевизиялық қондырғылар сатып алынады. «Егемен Қазақстан» РГ АҚ ғимараты күрделі жөндеуден өтеді, кеңейе түседі, материалдық-техникалық базасы нығаяды (комплекттегі компьютерлер, ноутбук, цифрлік диктофон, А-2 форматты плоттер, цифрлік фотоаппараттар, фотоаппарат үшін объектив, жеңіл және жолаушы тасымалы автокөліктер, офис жиһазының жинағы, көшірме жасайтын қондырғы, лазерлік принтер, WINDOWS XP PRO Касперский антивирусы бағдарламаларымен қамтамасыз ету алынады). "Казахстанская правда" РГ АҚ-ның - ғимараты күрделі жөндеуден өтеді (бірінші және екінші қабаттан екінші эвакуациялық шығу құрылысының жұмыстары орындалады, ғимараттың өртке қарсы төтеп бере алатын әрлеу материалдар ауыстырылады, жылу сақтайтын материалдан жасайтын есіктер қораптары тұрғызылады, металдан жасалған торлар алып тасталынады, барлық күшті және жарықтандыратын электр желілері изоляциясының қарсыласу күші есепке алынады, редакцияның бергі және арғы фасадының, сонымен бірге ішкі бөлмелерін үнемі қадағалау үшін видеокөріністі жүзеге асыратын жүйелер мен жеке трансформаторлар орнатылады, жылу радиаторлары және су құбырларына жататын сантехникалық қондырғылар ауыстырылады, ғимараттың қосымша тұрақжайлардың төбелері қалпына келтіріп, суық жібермейтін болып күшейтіледі, ғимарат кабинеттерінің едендері ауыстырылады, ғимаратқа орталық канализациялық жүйеге келтірілетін тіке канализациялық құбырлар өткізіледі, ғимараттан шығу есігінде электромагниттік клапон орнатылады, ғимараттың сыртқы қабырғалары көктемнің жаңбырлы суларынан қорғайтын материалмен күшейтіледі, ғимараттың бергі және арғы фасады күрделі жөндеуден өткізіледі және редакцияның ішкі бөлмелері жөнделеді) және материалдық-техникалық база күшейеді (газеттің электрондық түрін модернизациялау жұмысы өткізіледі, сонымен бірге жұмыс станциясы жүйесін және бағдарламалық қамтамасыз ету), сонымен қатар офистік жиһазды сатып алу жолымен бас офис пен корреспонденттік нүктелер қамтамасыз етіледі.