7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: іске асырылатын қолданбалы тілдік сервис (электронды қызмет) сенімді және масштабты ИТ-инфрақұрылым, қазақ тіліндегі мәтіндердің сәйкестілік мәселелерін шешу мүмкіндігін туғызатын қазақ терминологиясы бойынша бағдарламалар, мемлекеттік тіл саясаты бойынша қажетті ақпараттық материалдар мен тілді үйренуге арналған әдістемелік қорын қамтитын қазақ тіліндегі веб-портал, терминологиялық, салалық қостілдік электронды сөздіктер, мемлекеттік тілді оқытуға арналған электронды бағдарламалар, әдебиет пен мұрағаттық құжаттардың алғашқы нұсқасында қолдану мүмкіндігін беретін электронды кітапхана, әр түрлі шрифттермен терілген қазақ тіліндегі мәтіндерді қайта кодтау.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік тіл саясатының тиімді іске асырылуы.
Уақтылығы: бекітілетін мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарда белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: қазақ тілінің инфрақұрылымының сапалы дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
87-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25579 мың теңге (жиырма бес миллион бес жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 «2006-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің стратегиясы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 «2006-2008 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу бағдарламасы туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» жөнінде қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне тиімді қарсыласуды әрі қарай тарату бойынша жүйенің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде нашақорлыққа қарсы спорт шараларын өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорттың көпшілік қатынасқан түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында республикалық жарыстарды өткізу, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсыласу жөніндегі аймақтық комиссиялардың жұмысы, жастардың нашақорлыққа қарсы сана сезімін қалыптастыру, әлеуметтік нашақорлыққа қарсы иммунитетті, салауатты өмір салтына табынушылықты қалыптастыруға, нашақорлыққа алып келетін факторлар туралы жастардың білімін арттыруға бағытталған «Хабар», «Ел-Арна», «Қазақстан» телеарналарында «Есірткісіз өмір», «Есірткі - бұл еш жаққа апармайтын жол», «Есірткісіз спорт» атты бейнероликтерін қазақ және орыс тілдерінде жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Теледидар бағдарламаларын және бейнероликтерді шығару және «Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында көрсету, жастар арасында нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жөнінде деректі фильмді жасау және көрсету, республикалық баспа басылымдарында материалдарды шығару, республикалық БАҚ өкілдерін, осы бағытта жұмыс істейтін сарапшыларды шақырып, нашақорлыққа қарсы насихаттың негізгі бағыттарын талқылау жөнінде семинарлар, тренингтер мен конференцияларды өткізу.
Тікелей нәтиже: «Нашақорлыққа қарсы насихат» тақырыбы бойынша 1 тренинг-семинарлар өткізу; «Нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру барысында бұқаралық коммуникация арналарының рөлі» тақырыбы бойынша бір дөңгелек үстелді өткізу; «Нашақорлықты таратуға барысына қарсы күресуде БАҚ пен қоғамның орны» тақырыбы бойынша 2-ші ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу; «Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында 12 бағдарламаны шығару және көрсету; 2 тілдегі 7 ролик;
«Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында 5 сағат бойы көрсету; жастар арасында нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жөнінде 1-ші деректі фильмді жасау және көрсету; 50 баспа басылымын және басылған беттерін шығару.
Халықтың сана сезімінде нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нашақорлықпен күресу мәселелерінің бетін ашу.
Түпкі нәтиже: нашақорлыққа тәуелді адамдар санын азайту және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тренинг-семинарды өткізу бойынша орта есеппен алған шығындар - 2000,0 теңгені құрайды, 1 ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу бойынша шығындар - 2000,0 теңгені құрайды, бір "дөңгелек үстелді" өткізу бойынша шығындар 1946,6 теңгені құрайды.
Телеарналардағы теледидар бағдарламасын бір сағат көрсетудің құны:
«Хабар» - шығару - 152946 теңге, орналастыру - 128707 теңге;
«Ел-Арна» - шығару - 124846 теңге, орналастыру - 65667 теңге;
«Қазақстан» - шығару - 125870 теңге, орналастыру - 130504 теңге;
«Қазақ радиосы» - шығару - 62935 теңге, орналастыру - 62477 теңге.
Уақытылығы: жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың, есірткі қолдану салдарының зиянды екенін түсінуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
88-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 393000 мың теңге (үш жүз тоқсан үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- «Ұлттық мұра» тақырыбы бойынша Қазақстанда таратылатын ақпараттық ресурстардың іздеу жүйесін электрондық түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интеграцияланған ұлттық ресурстарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінің және басқа да министрліктердің, сондай-ақ архивтердің, мұражайлардың, қорықтардың, кітапханалардың, ғылыми мекемелердің, ұлттық мәдени бірлестіктердің, шығармашылық кеңестердің, киноиндустрияның және т.б. сайттарын біріктіру;
- ақпаратттық теңсіздік мәселесін шешу және ақпаратты алу және тұрғылықты мекен-жайы мен әлеуметтік жағдайына байланыссыз туған тілін, мәдени қызметтерін қолдану бостандығы құқын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- жалпы ұлттық мәдени кеңістікті нығайту, ел аймақтары арасында мәдени алмасуды кеңейту;
- ғаламдық ақпараттық желіге ұлттық мәдениетті интеграциялау;
- тұтас және жеке аспектілер бойынша Қазақстанның тарихы, мәдениеті, жағрафиясы, саясаты жөнінде жалпы білімдерді таратуға бағытталған, коллекцияларды қалыптастыру;
- ғылыми жұмыскерлер мен дайындығы жоғары деңгейлі мамандарды, соның ішінде жалпылама гуманитарлық пәндер саласындағы мамандарды тақырыпты (пәнді) терең оқытуға ықпал ету;
- тек оқу материалын ғана емес, сонымен бірге қажетті қосымша әдебиеттерді ұсыну арқылы ресми және бейресми білім беруге қолдау көрсету;
- кеңейтілген білім шеңберінде бірреттік сипаттағы ақпаратпен тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі;