7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу.
Жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:
- балаларға - 282,1 мың адам;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты - 254,5 мың адам.
Түпкі нәтиже: балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері - 16380 теңге. Бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері - 4095 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапасы: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
156-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар» деген
008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5182512 мың теңге (бес миллиард бір жүз сексен екі миллион бес жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:
- зейнеткерлерге;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны уақтылы төлеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды уақытында төлеу.
Орташа жылдық болжамды саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 25 641 адам;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар - 226 327 адам.
Түпкі нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық катер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін - 22,7 мың теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін - 20,3 мың теңге болады.
Уақтылылығы: жыл ішінде өтініштердің түсуіне қарай.
Сапасы: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
157-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар
төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3816000 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз он алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4 , 9-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жәрдемақы төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жылына 367,7 мың балаларға жәрдемақылар төлеу, оның ішінде:
Ақмола облысы - 1,9;
Ақтөбе - 11,0;
Алматы - 40,8;
Атырау - 14,9;
Шығыс Қазақстан - 12,0;
Жамбыл - 80,0;
Батыс Қазақстан - 14,5;
Қарағанды - 5,2;
Қостанай - 25,3;
Қызылорда - 49,8;
Павлодар - 5,4;
Солтүстік Қазақстан - 21,3;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 85,6.
Түпкі нәтиже: балалары бар аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1092 теңге құрайды.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу. Сапасы: аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған жәрдемақылардың уақтылы төленуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
158-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақталған азаматтарға-жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына
біржолғы ақшалай өтемақы» деген 010 республикалық бюджеттік
бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 150277 мың теңге (бір жүз елу миллион екі жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22, 25-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары ретінде танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген көлемде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны 6 435 адам.
Түпкі нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері 68 946 теңгені құрайды
Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапасы: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
159-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 530 мың теңге (бес жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 284 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына материалдық көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезінде немесе босатылғаннан кейін әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауыру салдарынан қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін әлеуметтік көмекті уақытында қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: