7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.
Түпкі нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтер жеткізушілері жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
166-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3309 мың теңге (үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарылату және кәсіби шеберлікті жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласы мамандарының шеберлігін, теоретикалық және тәжірибелік білімдерін жаңарту;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру мен дайындығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу, әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: