«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 18 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар) және олардың филиалдарына, заң актілерінде жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілін тіркеу қызметі жүктелген өзге ұйымдар белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясы жүктелсін.