Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 812 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 516 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 28-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесіне:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану).»;
4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары - барлық жағдайда;»;
3) тармақшада «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада «жер асты суларын» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезінде.»;
1) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын ағызу» деген сөздер «арнайы су пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «су ағызуды» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын» деген сөздердің алдынан «су жіберу және (немесе)» деген сөздермен, «тұлғаларға» деген сөзден кейін «жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасында «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы ережеге қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»;
3) тармақша алынып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
6) осы ереженің 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.»;
7) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Су жинап алуға арналған су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіліктері туралы мәліметтер;
2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
9-2. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
3) балық қорғау және балық өткізу құрылыстары туралы мәліметтер;
4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштері туралы деректер.
9-3. Су жинап алусыз жер үсті су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етілу туралы деректер;
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.»;
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын.
2. «Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 44-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.