Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 184-ө Бұйрығы
(2007.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 184-ө-м бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесі;
2) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.