планарлық иондық-пассивтелген силиконды (ПИПС) детекторларда иондардың әртүрлі энергиялары кезінде С-тен Ғе-ге дейінгі ауыр иондар үшін амплитудалық ақауды (жеңіл зақымданған бөліктер мен детекторлық импульстар амплитудаларының тең кезіндегі ауыр иондардың энергияларының айырмашылықтары) эксперименттік зерттеу жүргізілді; ПИПС детекторлар үшін ауыр иондардың массасымен және энергиясымен импульс амплитудасын байланыстыратын калибрлік теңдеу белгіленді;
ауыр иондардың спектрометриясы негізінде үлестік тежеу шығындарын өлшеу әдістемесі әзірленді; көміртекте С-тен Ғе-ге дейінгі иондардың үлестік тежеу шығындарын өлшеу жүргізілді;
таяудағы және кулондық кедергіден төмен энергиялар кезінде ядролардың төмен жатқан күйлерін қозғаумен көміртек пен ауа ядроларында көміртектің тығыз және бос шашырауының дифференциалдық қималары өлшенетін; кері геометрия әдісімен жеңіл ядроларда көміртектің резонанстық шашырау қозғалу функциялары өлшенді;
нақты ағын сулардың кейбір типтерінде жасанды және табиғи радионуклидтердің болу нысандарын сипаттайтын физикалық-химиялық деректер кешені алынатын; ағын суларды технологиялық өңдеудің әртүрлі процестерінде, олардың құрамында бірқатар радионуклидтердің болу нысандарын түрлендіру процестері зерттелетін; ҚР ҰЯО ЯФИ-дің ағын суларын тазалау технологиясының және негізгі радионуклидтерден "УМЗ" АҚ-тың уран өндірісінің негізгі элементтері әзірленді;
термикалық қорғаумен өңдеуді, оның ішінде, биологиялық материалды генетикалық талдау үшін пайдаланатын реагенттерді талап ететін материалдарды суықпен стерилдеу әдістері әзірленді;
қоректену орталарының компоненттерін құрайтын микробиологиялық субстраттарды тазалау әдістері әзірленді;
мембраналық сүзгілердің бактерицидтік қасиеттері зерттелді; мембраналық сүзгілерді пайдаланумен геномдық және плазмидтік ДНК-ні бөлу және тазалау әдістері әзірленді.
2. Қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауға және пайдалануға ғылыми-техникалық қолдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
КТМ материалдарының үлгілері мен диагностикалық жүйелерінің элементтерін имитациялық сынауларға арналған стенд құрамына кіретін имитациялық қондырғының жабдықтары мен технологиялық жүйелері жөнделді; плазманы сөндіру, физикалық диагностика мен қабырғалық және тозаңдық плазманың қасиеттерін зерттеу бойынша жүйені сынау жөніндегі эксперименттік стендтерде монтаж және іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды;
КТМ-да көрмеге қойылатын материалдарды сынаулардың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету үшін қажетті плазмалардың диагностикасы және басқару әдістерінің әдістемелік әзірленімі орындалды;
КТМ-да көрмеге қойылатын материалдарды зерттеу әдістерінің әдістемелік әзірленімі орындалды;
сутек изотоптарының жиналуын қоса алғанда, плазманың тоқтау режимі мен пайдаланудың штаттық жағдайларында материалдармен өзара іс-қимылдың есептік-теориялық үлгісі алынды, алынған эксперименттік деректермен салыстырылды;
Web-сайт нысанында токамак КТМ-ны құру жөнінде жұмыс барысын бейнелейтін құжаттарда сақтау мен бейнелеудің, іске қосудың бірыңғай жүйесі әзірленді.
3. Пайдалы қазбалардың орта, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
жете зерттелмеген, оның ішінде көлемі шағын және орта объектілерді үлгілеу және бағалау үшін жаңа әдістер мен математикалық үлгілерді әзірлеу;
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған ең аз шығын кезінде жер қойнауын пайдалану объектілеріне қосымша геологиялық ақпаратты алу үшін қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу, сондай-ақ бағдарлы керінді іріктеу бойынша тәжірибелік үлгілерге техникалық құжаттама;
зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісінің кеніштік сынамаларының шектеулі саны негізінде кендердің байыту сипаттамаларын уақытынан бұрын және жедел табудың сенімді жоғары дәрежесіне мүмкіндік туғызатын математикалық үлгілерді әзірлеу;
кендердің заттай және энергетикалық сипаттамаларына байланысты гидрометаллургиялық байыту процестерінің өту байланысын орнату;
керінді үздіксіз іріктеумен ұңғымалық өндіру тәсілін қолдану үшін негізгі технологиялық параметрлерді бағалау;
оларды кейін металлургиялық қайта өңдеу үшін өндірілетін кендердің физикалық-химиялық қасиеттерін бағалау үшін әдістемені әзірлеу;
нарықтық жағдайларда жете зерттелмеген көлемі шағын және орта кен орындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін әзірлеу;
кен орындарын игерудің оңтайлы өлшемдерін анықтау әдістемесін құру және кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалаудың компьютерлік үлгілері;
кен орындарының негізгі параметрлерінің ықтимал сипатын есепке алу және осыған байланысты оларды өнеркәсіптік игеруге күрделі қаржы салудың экономикалық тәуекелгі жөнінде ұсынымдар беру;
олардың инвестициялық тартымдылығының артуын қамтамасыз ететін шағын және орта кенді және кені жоқ объектілерді дайындаудың ұйымдық-техникалық жүйелерін әзірлеу;
тендер алдындағы дайындық кезеңінде жер қойнауын пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру үшін негізгі бағыттарды анықтау және жете зерттелмеген орта және шағын кен орындарын игеру.
Түпкі нәтиже:
- атом энергетикасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша: өнеркәсіптік өндірісті одан әрі өсіруге бағытталған жұмыстардың ірі кешенін ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау, импортты алмастыратын және сараптық бағдарланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, жаңа ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру және тұтас экономиканы инновациялық қайта құру;
- пайдалы қазбалардың орта және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде: Қазақстан Республикасының: жете зерттелмеген кен объектілерін геологиялық-технологиялық-экономикалық бағалау және ақауға шығару, қорлар мен объектілерді үлгілеудің жаңа технологияларын бағалауға қойылатын талаптар, кендердің байытылуын бағалауды жетілдіру;
- ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша: ғылымды қажетсінетін озық технологияларды дамыту және жоғары біліммен ғылымды интеграциялау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің құны (ғылыми-техникалық сараптауды қоса алғанда):
атом энергетикасын дамытуға - 610259 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 74394 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орташа, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамытуға - 32330 мың теңге; ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамытуға - 100 000 мың теңге; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге - 1100 мың теңге;
ғылыми жабдықтарды сатып алу үшін ғылыми ұйымдарға 24961 мың теңге сомада күрделі трансферттер аударылды, оның ішінде бағыттар бойынша: атом энергетикасын дамытуға - 5537 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауды және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 12957 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орта және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы геотехнологияларды дамытуға - 6467 мың теңге.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіптің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру;
кенді және кенді емес объектілерді бағалаудың әдістемелерін жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
336-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 801809 мың теңге (сегіз жүз бір миллион сегіз жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының квотасы бойынша Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ІТЭР Кеңесінің 1994 жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 143-Ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: реакторлық материалтану үшін Қазақстан Республикасында бірінші Токамак термоядролық қондырғыны (КТМ) құру, Қазақстан Республикасында ғылымды қажетсінетін және ядролық технологияларды дамыту, Республикада ғылыми әлеуетті дамыту, термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарын зерттеулерді жүргізу, зерттеу материалдарының жаңа кешенді әдістерін пысықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зерттеу жүргізу, конструкциялық материалдарды сынау әдістерін пысықтау үшін физикалық диагностикалар әдістемелері мен жүйелерін әзірлеу және игеруге арналған жағдайларды қамтамасыз ету; өлшемдердің әдістемелік базасын құру; басқарылатын термоядролық синтез саласында зерттеулерді жүргізу үшін халықаралық зертхананы құрудың ұйымдық іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: