(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Геологиялық ақпаратты қалыптастыру»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 72428 мың теңге (жетпіс екі миллион төрт жүз жиырма сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды және жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылардың толық және сенімді ақпараттарымен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауының есептілігі және жер қойнауын пайдаланушылардың шарттарын орындау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау; геологиялық ақпаратты пайдалануда жинақтау, сақтау және беру; жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу - 108 баланс; геологиялық ақпаратты қолдануда технология мен беру ГЗҰ-ны пайдаланумен мемлекеттік геологиялық қорға қызмет көрсету; жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге; Тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау және беру; жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық қызметі нәтижелерінің тоқсанаралық шолуларын дайындау - 4 шолу.

Түпкі нәтиже: 2007 жылғы 1 қаңтардағы зерделеудің жай-күйі бойынша пайдаланушыларды толық, уақтылы және сенімді геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 1020 мың теңге; іске асқан геологиялық ақпарат үшін республикалық бюджетке төлемдердің түсуі.

Уақтылығы: белгіленген есептерді белгіленген мерзімінде өткізу.

Сапасы: толық және сенімді ақпарат негізінде дайындалған есептілік.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

343-ҚОСЫМША

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Мемлекеттік геологиялық зерделеу»

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 3798382 мың теңге (үш миллиард жеті жүз тоқсан сегіз миллион үш жүз сексен екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізат кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің минералдық-шикізат базасын нығайту және кеңейту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру үшін қазіргі картографиялық негіз құру; минералдық-шикізаттың әртүрлі түрлерінің болжамды ресурстарын анықтау; пайдалы қазбаларды іздестіру бағытын анықтау үшін болжамды-минерагеникалық негіз құру; қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек шикізатының және жер асты суларының қорларының өсуі; геотермальды суларға арналған перспективалық сулы горизонттарды табу мен зерттеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 1:200000 масштабта 38,98 мың шаршы км2 алаңда жаңа буынның геологиялық негізі; пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға перспективалы жалпы ауданы 800 шаршы км кем емес учаскелерді бөлу; халықты сумен жабдықтау мақсатында жер асты суларын іздестіруге арналған перспективалы сулы горизонттар мен учаскелерді бөлумен 1:200000 масштабта жер қойнауын гидрогеологиялық жете зерттеу және 13,323 мың шаршы км.алаңында - гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеу; 6500 шаршы км алаңда кенішті аудандарды геологиялық-минерагеникалық карталау; өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары - 4 есеп-ұсынымдар; 14 учаскенің шегінде 300 шаршы км. алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстары; Арал маңы учаскесінде табылған шоғыр қорларын алдын ала бағалау; Шалқар учаскесінде мұнай-газ сулы құрылымдардың перспективаларын табу мен болжамдау ресурстарын алдын ала бағалау; Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің мұнай-газ сулы перспективаларын бағалау; Бекет-Бесоба учаскесінде терең бұрғылаумен құрылымды дайындау; 152 елді мекендерін ауыз су қорымен қамтамасыз ету және 197 елді мекендеріне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау; Жаркент учаскесінде жұмыстың жалпы көлемінен 40 % геотермальды суларға арналған перспективалы сулы горизонттарды ашу және зерттеу.

Түпкі нәтиже: алтынның - 3 тонна, күмістің - 5 тонна, мыстың - 200 мың тонна, полиметалдың - 100 мың тонна, қорларының өсуі нәтижесінде тау-кен өндіру және мұнай-газ өндіру кешендері кәсіпорындарын шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін көтеру; республикасының 152 ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз су қорымен қамтамасыз ету; 2008 жылы Жаркент учаскесінде геотермальды сулардың қорларын бағалау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1:200000 масштабта 1 шаршы км. геологиялық жете зерттеудің орташа құны - 9301 теңге; 1:200000 масштабта 1 шаршы км. өңірлік гидрогеологиялық жұмыстардың 1 км орташа құны - 5992 мың теңге; қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісінің орташа құны - 34240 мың теңге; 1 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөніндегі іздестіру-бағалау жұмыстарының орташа құны - 5357 теңге; геотермальды сулардың пайдалану қорларын табу мен бағалау үшін іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісінің құны - 148220 мың теңге.

Уақтылығы: уәкілетті орган бекіткен объектілік жоспарға сәйкес жұмыстарды жүргізу.

Сапасы: нұсқаулық талаптарына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

344-ҚОСЫМША

 

231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 709774 мың теңге (жеті жүз тоғыз миллион жеті жүз жетпіс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 58, 59, 60-баптары; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 56, 58, 59-баптары; «Қазақстан Республикасының Жер қойнауын мемлекеттік сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысы, «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының нақты жай-күйін белгілеу және Қазақстан Республикасының перспективаға минералдық-шикізат кешенін дамытуды болжамдау; мемлекеттік басқару органдарын Қазақстан Республикасының жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы деректермен ақпараттық қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту болжамымен кен орындарының ірілендірілген геологиялық-экономикалық бағалау; қазіргі жағдайларда республикадағы геологиялық барлау қызметін одан әрі дамыту бағыттары жөнінде ұсынымдарды әзірлеу; мониторингтік дерекқор базасын және лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша карталарды жүргізу; геодинамикалық процестерді үлгілеу және болжау; жер қойнауын мемлекеттік сараптау үшін нормативтік-техникалық құжаттарды (әдістемелік нұсқауларды) жасау; өндіріс салалары және жетекші тау-кен кәсіпорындары бойынша анықтамалықты дайындау; Қазақстанда алғаш ашылған минералдардың деректер базасын және коллекциялық қорын жасау, Қазақстан Республикасының аумағында геопарктер құру; Қазақстан Республикасының геохимиялық алаңдар мен аумағының ауытқуын талдау және іздестіру жұмыстарын қою үшін перспективалық алаңдар бөлу, геология саласын дамытудың әлемдік және отандық үрдістерін талдау және ғылыми-технологиялық қамтамасыз етудің мониторингі, жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, жер қойнауының жай-күйін бақылау; жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің дамуының жай-күйін бағалау; жер асты суларының ластану және сарқылу учаскелері мен ошақтарын, қауіпті геологиялық процестерді жандандыру учаскелерін табу; жер асты суларының Мемлекеттік су кадастрын (МСК) жүргізу; жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестерінің мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

1) зерттелетін объектілер бойынша 6 (алты) талдамалық есеп;

2) көшпелі және жаңа объектілер бойынша Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базаларының мониторингін жүргізу;

3) өндірістің салалары бойынша 1 (бір) анықтамалық, 4 әдістемелік нұсқауларды әзірлеуді бастау;

4) сандық және сапалық көрсеткіштерді бақылау, жер асты суларының режимі мен ластануына жер асты суларының мемлекеттік мониторингі (ЖСММ) мемлекеттік желісінің 5005 бақылау пункттерінде су сынамаларын іріктеу деректері;

5) жер асты суларының техногенді ластануның 3 полигонында мониторинг жүргізу;

6) жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік мониторингінің және мемлекеттік су кадастрының (жер асты сулары) деректер банкін жүргізу;

7) жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы;

8) Атырау және Маңғыстау облыстарында жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 2 постыны ұйымдастырудың бастамасы;

9) 5005 мемлекеттік қадағалау пунктеріне арналған құқықты куәландыратын құжаттарды жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу;

10) өнеркәсіптік ағымдарын көму аудандарының карталары мен анықтамалары;

11) қауіпті геологиялық процестердің 50 постысында мониторинг жасау және жүргізу;

12) қауіпті геологиялық процестерді зерделеу жөнінде Қаскелең-Талғар және Ертіс полигондарында мониторинг жасау және жүргізу.

Түпкі нәтиже:

1. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін минералдық шикізаттардың қорларын табу және арттыру жолымен қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды кен орындарының қорлар жіктелімін реттеуші жаңа нормативтік құқықтық актілермен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз ету.

2. Пайдаланушыларды 1 қаңтарға 2007 жылы зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасындағы жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық тиімділігі:

- бір объекті (100 шағын бағдарлама) бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар - 4985,9 мың теңге;

- бір объекті бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар (101 шағын бағдарлама):

1) Жер асты суларының мониторингі:

- 1 бақылау пунктінде жерасты суларының мониторингін жүргізу - 62 мың теңге;

- жерасты суларының техногенді ластануның 1 полигонында бақылау жүргізу - 8333 мың теңге;

- жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы - 25000 мың теңге;

- мемлекеттік су кадастрын (жерасты суларының) жүргізу - 20000 мың теңге;

- жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 1 посты құру - 37012 мың теңге;

- 1 мемлекеттік қадағалау пунктіне арналған құқықты куәландыратын құжатты жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу - 5869 теңге.

Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі:

- қауіпті геологиялық процестердің 1 постысында мониторинг жүргізуді бақылау және посты құру - 1250 мың теңге;

- қауіпті геологиялық процестердің 1 полигонында бақылау жүргізу - 33150 мың теңге.

Уақтылығы:

1. ҚР мемлекеттік басқару органдарын пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізаттық базасын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру жөніндегі негіздемелік шешімдерін қабылдау үшін, жер қойнауын пайдалануға арналған бірінші кезектегі объектілерге байланысты ұсыныспен, олардың жағдайы туралы нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы ақпаратты, оларды жою жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ластануы мен қорларының сарқылуын анықтауды дер кезінде ұсыну.

Сапасы:

1. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтерді (геологиялық барлау жұмыстарын, бағаланған пайдалы қазбаларды, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратты) алушыларды қанағаттандыру нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.

2. Жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық және сенімді ақпараттың негізінде есеп берудің дайындығы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

345-ҚОСЫМША

 

231 ң Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1250830 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз отыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56, 48-баптары; «Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидті жоғары, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

1) құрлықта және Каспий теңізінің су басу аймағында 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап 76 мұнай ұңғымасы, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 82,6% құрайтын 8 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;

2) 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 16,3% құрайтын 360 өздігінен ағатын 117 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.