7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) зерттелетін объектілер бойынша 6 (алты) талдамалық есеп;
2) көшпелі және жаңа объектілер бойынша Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базаларының мониторингін жүргізу;
3) өндірістің салалары бойынша 1 (бір) анықтамалық, 4 әдістемелік нұсқауларды әзірлеуді бастау;
4) сандық және сапалық көрсеткіштерді бақылау, жер асты суларының режимі мен ластануына жер асты суларының мемлекеттік мониторингі (ЖСММ) мемлекеттік желісінің 5005 бақылау пункттерінде су сынамаларын іріктеу деректері;
5) жер асты суларының техногенді ластануның 3 полигонында мониторинг жүргізу;
6) жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік мониторингінің және мемлекеттік су кадастрының (жер асты сулары) деректер банкін жүргізу;
7) жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы;
8) Атырау және Маңғыстау облыстарында жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 2 постыны ұйымдастырудың бастамасы;
9) 5005 мемлекеттік қадағалау пунктеріне арналған құқықты куәландыратын құжаттарды жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу;
10) өнеркәсіптік ағымдарын көму аудандарының карталары мен анықтамалары;
11) қауіпті геологиялық процестердің 50 постысында мониторинг жасау және жүргізу;
12) қауіпті геологиялық процестерді зерделеу жөнінде Қаскелең-Талғар және Ертіс полигондарында мониторинг жасау және жүргізу.
Түпкі нәтиже:
1. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін минералдық шикізаттардың қорларын табу және арттыру жолымен қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды кен орындарының қорлар жіктелімін реттеуші жаңа нормативтік құқықтық актілермен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз ету.
2. Пайдаланушыларды 1 қаңтарға 2007 жылы зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасындағы жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- бір объекті (100 шағын бағдарлама) бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар - 4985,9 мың теңге;
- бір объекті бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар (101 шағын бағдарлама):
1) Жер асты суларының мониторингі:
- 1 бақылау пунктінде жерасты суларының мониторингін жүргізу - 62 мың теңге;
- жерасты суларының техногенді ластануның 1 полигонында бақылау жүргізу - 8333 мың теңге;
- жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы - 25000 мың теңге;
- мемлекеттік су кадастрын (жерасты суларының) жүргізу - 20000 мың теңге;
- жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 1 посты құру - 37012 мың теңге;
- 1 мемлекеттік қадағалау пунктіне арналған құқықты куәландыратын құжатты жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу - 5869 теңге.
Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі:
- қауіпті геологиялық процестердің 1 постысында мониторинг жүргізуді бақылау және посты құру - 1250 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестердің 1 полигонында бақылау жүргізу - 33150 мың теңге.
Уақтылығы:
1. ҚР мемлекеттік басқару органдарын пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізаттық базасын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру жөніндегі негіздемелік шешімдерін қабылдау үшін, жер қойнауын пайдалануға арналған бірінші кезектегі объектілерге байланысты ұсыныспен, олардың жағдайы туралы нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы ақпаратты, оларды жою жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ластануы мен қорларының сарқылуын анықтауды дер кезінде ұсыну.
Сапасы:
1. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтерді (геологиялық барлау жұмыстарын, бағаланған пайдалы қазбаларды, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратты) алушыларды қанағаттандыру нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
2. Жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық және сенімді ақпараттың негізінде есеп берудің дайындығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
345-ҚОСЫМША
231 ң Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1250830 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56, 48-баптары; «Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидті жоғары, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) құрлықта және Каспий теңізінің су басу аймағында 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап 76 мұнай ұңғымасы, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 82,6% құрайтын 8 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;
2) 2002-2007 жылдары істелінген жұмыстардан бастап, оның ішінде 2007 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 16,3% құрайтын 360 өздігінен ағатын 117 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.