ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 279 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобалар бойынша көлемді орындау:
1. Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілері мен энергия желілері объектілерін кеңейту және жаңғырту.
2. 4 қосалқы станция салу.
3. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
4. Астана қаласының сол жақ жағалаудағы бөлігінде жылу магистралін салу 3-іске қосу.
5. Астана қаласында ЖЭО-3 салу.
6. Алматы қаласындағы "Орбита" аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту.
7. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласының жылу желілерін жаңғырту, орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қазандықтардың және ЖЭО-ның қолданыстағы қуаттарын жаңғырту.
8. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласында 3-ЖЭО салу.
9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке елді мекендерді жылу және энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
352-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі ведомстволарын көшіру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 444756 мың теңге (төрт жүз қырық төрт миллион жеті жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: комитеттер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Геология және жер қойнауы комитеті мен Атом энергетикасы комитетінің Астана қаласына қоныс аударуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: