«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2007 жыл 26 қыркүйек)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі № 840 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат, № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Жауапты хатшылар»;

2) «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 561-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ант салтанатты жағдайда:

1) мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);

2) жауапты хатшының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.