Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 617 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және Қазақстан Республикасы халқының қалың жігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, Ақорда, 2007 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы №
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Астана қаласы, 2007 жыл
Мазмұны
1 Бағдарламаның паспорты
2 Кіріспе
3 Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау