Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 775 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 775 Қаулысы

 

ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

16-тармақтың үшінші абзацының екінші сөйлеміндегі «лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын» деген сөздер «лицензияның телнұсқасын» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.