Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 940 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 940 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4-1, 40-2-жолдармен толықтырылсын:

 

 

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.