Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша бірінші кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 916 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша бірінші кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша), Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.