Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызметтің нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісім (2007 жылғы 6 қазан, Душанбе қаласы)

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық
ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызметтің
нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы
КЕЛІСІМ
(2007 жылғы 6 қазан, Душанбе қаласы)

 

ҚР Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 590 Жарлығымен  бекітілді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,

Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымның (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

ҰҚШҰ шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық саласында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғаудың маңыздылығын сезіне отырып,

тең және өзара тиімділік қағидаттарын негізге ала отырып,

Тараптардың күшін үйлестіру және әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану кезінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу және олардың жолын кесу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттілігін назарға ала отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім үшін мынадай мәндері бар негізгі терминдер пайдаланылады:

«әскери-экономикалық ынтымақтастық» - әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу, пайдаланылуын қамтамасыз ету және кәдеге жарату, сондай-ақ әскери өндірісті әртараптандыру мен конверсиялау кезінде ұлттық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің өзара іс-қимылымен байланысты мемлекетаралық қатынастар саласы;

«зияткерлік меншік» - 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольм қаласында қол қойылған, 1979 жылғы өзгерістермен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құрушы Конвенцияның 2-бабында көрсетілген мағынада ұсынылады;

«ақпарат» - әскери-экономикалық (әскери-техникалық) ынтымақтастық, оларды орындау барысында Тараптар арасында жасалған шарттардың (келісім-шарттардың) және/немесе оларды ұсынудың нысанына қарамастан алынған нәтижелердің мәніне қатысты заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәлімет;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.