Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттама (БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы 57/199 Қарарымен қабылданды)

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы 57/199
Қарарымен қабылданды
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау
түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттама

 

 

2008 ж. 26 маусымдағы № 48-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды

 

КІРІСПЕ

 

Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,

азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауға тыйым салынады және адам құқығының бұзылуын білдіретінін қайта куәландыра отырып,

азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция бойынша (бұдан әрі - Конвенция деп аталады) және азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне бостандығынан айырылған тұлғаларды қорғауды күшейтуге сенімді бола отырып,

Конвенцияның 2 және 16-баптары әр қатысушы мемлекетті аумақтағы өз құқықтық құзырында азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы шара қолдануға міндет ететінін еске сала отырып,

Бұл баптарды орындауда басты жауапкершілік мемлекеттерге артады, өйткені бостандығынан айырылған тұлғаларды қорғауды күшейту және олардың адам құқығының бұлжытпай орындау баршаның ортақ міндеті болып табылады және халықаралық органдар іске асыру бойынша ұлттық шараларды толықтыратынын және нығайтатынын мойындай отырып,

азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды ескерту заңнамалық, әкімшілік, сот және басқа шараларды ағарту және үйлестіру саласында шаралар қолдануды қажет ететінін еске сала отырып,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.