Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі № 838 Қаулысы
(2016.29.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов;»;
2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрун» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.