Осы редакция 2007 жылғы 11 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I бөлім
Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер
Ескертпелер:
1. Бұл бөлімдегі жануарлардың нақты тегіне немесе түріне арналған кез келген сілтеме, егер өзгеше келісілмесе, осы тектің немесе түрдің төлдеріне де жатады.
2. Бүкіл Номенклатура бойынша «келтірілген» өнімдер термині, егер өзгеше келісілмесе, майсыздандыруға, буландыруға немесе сублимациялық кептіруге ұшыраған өнімдерді де білдіреді.
01-топ
Тірі жануарлар
Ескертпе:
1. Бұл топқа:
а) балықтарды, шаян тектестерді, ұлуларды және 0301, 0306 немесе 0307 тауар позициясының өзге де су омыртқасыздарын;
б) микроорганизмдер дақылдары мен 3002 тауар позициясының басқа да өнімдерін; және
в) 9508 тауар позициясының жануарларын қоспағанда, барлық жануарлар енгізіледі.