(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Көкшетау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № С-37/5 шешімі

(2007.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 14 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 63 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Көкшетау қалалық мәслихатының 2007.21.02. № С-38/7; Көкшетау қалалық мәслихатының 2007.30.03. № С-39/5 (бұр.ред.қара); 2007.14.06. № С-43/5 (бұр.ред.қара); 2007.16.07. № С-45/5 (бұр.ред.қара) шешімдермен 1-тармақ өзгертілді

1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1) табыстар - 8 104 305,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 4 747 935 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 63 851 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 324 964 мың теңге;

трансферттік түсімдер - 2 967 555,1 мың теңге.

2) шығындар - 8 841 091 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 736 785,9 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелендіру - - 155 881 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік несиелерді төлеу - 155 881 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 42 000 мың теңге, соның ішінде:

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 42 000 мың теңге;

қаржы активтерді алу - 45 000 мың теңге;

6) бюджеттік тапшылық (профицит) - 623 704,9 мың теңге;

7) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) 623 704,9 мың теңге. 

2. Қалалық бюджет табыстары келесі көздер есебінен қалыптастырылады:

1) салықтық түсімдер, соның ішінде:

төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығынан түсетін табыстар;

біржолғы талондар бойынша қызметтерді іске асыратын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан түсетін табыстар;

әлеуметтік салық;

мүлікке салынатын салық;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

акциздер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.