Арнайы қалалық жәрдемақы туралы Төртінші сайланған Алматы калалық Мәслихаты кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы № 16 шешімі (2008.06.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Арнайы қалалық жәрдемақы туралы
Төртінші сайланған Алматы қалалық Мәслихаты кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы № 16 шешімі

(2008.06.03. берілген өзгерістермен)

 

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 12.09.2013 № 175 шешімімен күші жойылды

 

Алматы қаласы мәслихатының 18.12.2013 № 890 Хатымен қалпына келтірілді

 

Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 № 204 Хатымен күші жойылды

 

2004 жылғы 24-сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінін 52-бабы 1- тармағынын 5-тармақшасына, 2001 жылғы 23-қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңынын 6-бабы 1-тармағынын 15-тармақшасына сәйкес, жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында IV сайланған Алматы қаласынын Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттары үшін 1,0 айлық есептік көрсеткіш көлеміңде арнайы қалалық жәрдемақы белгіленсін:

арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлерге;

арнайы мемлекеттік жәрдемакы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруымен ауыратын бірінші топ мүгедектеріне;

Үлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар 1941 жыл 22-маусым — 1945 жыл 9-мамыр аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (кызмет жасаған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.