Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту,
қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу
кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде
берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында
азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 22 мамырдағы № 620 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857; 03.06.03 ж. № 520; 2005.14.02. № 140
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ереже;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары:
туу туралы актіні қалпына келтіру жазбасы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
3) осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары:
әкелікті белгілеу туралы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
4) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелер.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының