ҚИК-тің сыртқы қор нарығына шығу мәселесі пысықталатын:
кредиттік портфельді ұлғайтуға байланысты ҚИК қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін;
ҚИК Қаржы министрлігімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жөніндегі тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау, ипотекалық кредит беру нарығында ҚИК пен ЕДБ үшін әлеуетті тәуекелдерді азайту мақсатында 2007 жылдың соңына дейін 1 025 млн. теңге сомасына капиталдандыру жолымен «Ипотекалық кредиттерге кепілдік беретін Қазақстан қоры» АҚ-ты қорландыру ұлғайтылатын болады.
«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы «Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа алдын ала тұрғын үй қарыздарын, оның ішінде ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады.
Қолданыстағы және жаңа Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әкімдіктерге бюджеттік кредит беру есебінен кредиттік тұрғын үй салу көзделген, оның ішінде 2008 жылы - 860 мың шаршы метр, оның ішінде Астана бойынша 330 мың шаршы метр, Алматы бойынша 186 мың шаршы метр.
Бұл тұрғын үйді салудың 1 шаршы метрінің құны 56 515 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленген және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу шығындарын есепке алмайды. Көрсетілген шығындарды есепке ала отырып 1 шаршы метрін салу құны 80 000 - 100 000 теңгеге дейін өседі.
Белгілі бір үйдегі пәтерлердің бір бөлігіне қажеттіліктің болмауы себебінен құрылыс салушылар үлескерлер алдындағы шарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда, әкімдіктер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, жаңа үйлер салудың орнына осы бағамен салынып қойылған пәтерлерді сатып алуы мүмкін.
Құрылыс компаниялары қызметінің нәтижесінде үлескерлердің тәуекелдерін азайту тетігі ретінде мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады:
1) тұрғын үй құрылысындағы үлескерлер құқықтарын қорғауды арттыру, оның ішінде құнды қағаздарды эмиссиялау, құрылыс компанияларының банкроттық рәсімдерін жетілдіру және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына жол берген тұлғалардың, қылмыстық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) нормативтік құқықтық актілерге құрылыс салушылардың коммерциялық нарық үшін, жергілікті атқару органдарының Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізу.
Тұрғын үй салудың барлық объектілері 3 санатқа бөлінеді:
үлескерлерді қорғау жөніндегі шаралардың қабылдануымен тоқтата тұрылуы тиіс объектілер (құрылыс ұйымы заңнаманы бұзған жағдайда және т.б.);
мемлекеттің қатысуынсыз аяқталатын объектілер;
аяқталуы үшін мемлекеттік қолдауды қажет ететін объектілер құрылысшыларды, өз кезегінде, мынадай кіші топтарға бөлуге болады:
жылжу мен сатудың ашық саясатына, құрылыс мерзімдерін сақтайтын нақты баға саясатына ие - жоғары рейтингті компаниялар (3-1-топ);
жылжу мен сатудың онша нақты емес саясаты, ашық емес баға саясаты бар, құрылыс мерзімдерінен кешігетін - орта рейтингті компаниялар (3-2-топ);
жылжу мен сатудың барабар емес саясаты, баға саясаты, құрылыстың мерзімінен едәуір кешігуі немесе құрылыстың жоқтығы - төмен рейтингті компаниялар (3-3-топ).
Орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы басымды түрде Астана, Алматы қалаларындағы құрылыс объектілеріне көзделіп отыр және 3-1 және 3-2-топтарға жатқызылады.
Тоқтата тұруға жататын объектілер бойынша, сондай-ақ құрылыс салушылары 3-3-топқа жататын объектілер бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетінін белгілеу керек. Үшінші санатқа жататын тұрғын үй құрылыстарының барлық объектілері облыстар әкімдіктерінің ерекше бақылау аймағында болады.
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы 3-санатқа жататын объектілерді сататын құрылыс компаниялармен бірге көзделіп отыр.
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар арасында әлеуметтік маңызы бар объектілерді үлескерлердің қатысуымен салуды аяқтауға, ипотекалық кредит беруді дамытуды қолдауға бағытталуы тиіс берілетін қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жөнінде келісім жасалатын болады.
Ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруға қатысатын барлық мүдделі органдар, оның ішінде, «Қазына ОДҚ» АҚ, ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар мемлекет бөлетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл міндетті іске асыру ЕДБ-нің қорландырылуын арттыруды, үлескерлердің қаражатын пайдалана отырып, басталған тұрғын үй құрылысы объектілерінің құрылысын салуды аяқтау мақсатында ипотекалық кредиттер нарығындағы ұсыныстардың көлемін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Осылайша, Астана қаласының әкімдігіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерінің құрылысына қатысу үшін республикалық бюджеттен 17200000000 (он жеті миллиард екі жүз миллион) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері бөлінетін болады.
Жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғауға және тізбесін әкімдіктер құрған комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) айқындайтын басталған объектілердің құрылысын аяқтауға бағытталатын болады.
Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады).
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қор) құрылысын Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы жүзеге асыратын «Солнечный квартал», «Шаңырақ», «Жайлы-2» тұрғын үй кешендерінің және Алматы қаласы, Жангелдин көшесі, 11 мекенжайындағы тұрғын үйдің құрылысын 3,29 млрд. теңге сомасында қаржыландыратын болады, оның ішінде «Солнечный квартал» тұрғын үй кешені - 2 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені - 0,8 млрд. теңге, «Жайлы-2» тұрғын үй кешені - 0,35 млрд. теңге, Алматы қаласы, Жангелдин көшесі, 11 тұрғын үй - 0,14 млрд. теңге.
Көрсетілген объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін бос алаңдарды Қорға беруді қоса алғанда, қаржыландыру шарттары Қор мен Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының арасында жасалған құрылысты қаржыландыру туралы шартта айқындалатын болады.
Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің мынадай тетіктерін пайдаланатын болады.
1-тетік.
Құрылысына кредит беру мүмкіндігін екінші деңгейдегі банктер растайтын тұрғын үй объектілері бойынша әкімдіктер ЕДБ-ны тұрғын үй құрылысына кредит беру үшін қорландыру мақсатында олармен өзара іс-қимыл жасайды. ЕДБ кредит беруге дайын, бірақ қазіргі жағдайдағы жай-күйдегі емес, құрылыс объектілері болады. Бұл ретте, осы объектілер бойынша барлық коммерциялық тәуекелдер ЕДБ-ға жүктелетін болады.
Тараптар арасындағы қатынастар әкімдіктер мен ЕДБ филиалдары арасында қол қойылған келісімдермен реттеледі.
ЕДБ тізбесін Мемлекеттік комиссия бекітетін болады.
ЕДБ-ны қорландыруды әкімдіктер жергілікті бюджеттердің есебінен алдын ала капиталдандырған негізделген депозиттерді уәкілетті органдардың орналастыруы жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын уәкілетті атқарушы органдар құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Аталған тізбені комиссия қарайды. Комиссия объектілер тізбесін бекіткеннен кейін объектілер құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредит ресурстарына қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
2-тетік.
Үлескерлер қатысатын, құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған тұрғын үй құрылысы объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер кейіннен көрсетілген объектілерде үлескерге бір ғана пәтер немесе дара тұрғын үй бере отырып, құрылысты аяқтау шартымен жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.
Уәкілетті ұйымдар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия белгілеген тізбеге енгізілген құрылысы аяқталмаған тұрғын үй объектілерінің нақты жай-күйін тексеруді жүргізеді.
Тұрғын үй құрылысы объектілерінің санын оңтайландыруды ескере отырып және үлескерлердің санына, олардың келісуіне, дайындық өлшемдеріне және құрылыстың экономикалық орындылығына қарай жүргізілген тексеру нәтижелері комиссия қарауына ұсынылатын болады. Комиссияның қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдар үлескерлердің мұқтажы үшін объектілерді салуды қамтамасыз ететін болады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстардың жергілікті атқарушы органдары заңнамаға сәйкес уәкілетті ұйымдармен тұрғын үй құрылысы кооперативтерінде (бұдан әрі - ТҚК) олардың пайдасына аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерін және орындалмаған міндеттемелер бойынша берешекті өтеу есебіне теріс пиғылды құрылыс салушылардан басқа да активтерді өндіріп алу туралы соттардың шешімдері немесе олардың пайдасына аяқталмаған құрылыс объектілерімен және басқа да активтерді теріс пиғылды құрылыс салушылар өз еркімен берген кезде, проблемасы бар объектілердің үлескерлері болып табылатын азаматтар құрған ТҚК-мен көрсетілген объектілердің құрылысын аяқтауға шарттар жасасуды қамтамасыз ететін болады.
Көрсетілген шарттар заңнамаға сәйкес қабылданған ТҚК мүшелері жалпы жиналысының:
1) ТҚК-нің әрбір мүшесі теріс пиғылды құрылыс салушыға бұрын төлеген үлестік жарна сомасын ескере отырып, пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді ТҚК мүшелері арасында бөлу туралы;
2) уәкілетті органға ТҚК тиісті мүшесінің үлестік жарнаның қалған бөлігін төлеуі туралы;
3) тұрғын үй құрылысы объектісінің бос алаңдарын уәкілетті ұйымға беру туралы шешімі болған кезде жасалады.
Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымдар заңнамаға сәйкес бұдан бұрын жосықсыз салушылармен көрсетілген объектілерде пәтерлер немесе дара тұрғын үйлер сатып алуға шарт жасасқан мемлекеттік мекемелермен құрылысты бюджет қаражаты есебінен аяқтауға шарттар жасасатын болады.
Мемлекеттік қызметшілерге пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді одан әрі бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Көрсетілген объектілердегі уәкілетті ұйымның ТҚК-ға берілген бірінші қабаттардағы тұрғын емес алаңдар әкімдіктерге кейіннен коммуналдық меншікке беру үшін дамуға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен мектепке дейінгі мини-орталықтар болып жайластырылады.
Бұл ретте пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді беру шарттары, сондай-ақ төлемдердің қалған сомасын енгізу мерзімдері уәкілетті ұйым, ТҚК мен ТҚК-нің әрбір мүшесі арасында жасалған үш жақты шарттарда көзделетін болады.
Объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін бос алаңдар болған кезде олар комиссияның ұсынымы бойынша комиссияның шешімдерімен құрылысын аяқтау орынсыз деп танылған аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерінің үлескерлеріне (олардың келісімімен) қайта бөлінуі мүмкін.
Комиссияның ұсынымы бойынша көрсетілген үлескерлер заңнамада белгіленген тәртіппен осы объектінің ТҚК-сіне кіреді.
Үлескерлер қатысқан тұрғын үй құрылысы объектілері бойынша ұсыныстарды енгізу мен қарау, сондай-ақ құрылысты аяқтау үшін оларды іріктеу тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Осы ұйымдар «проблемалы» объектілерді сатып алады (оның ішінде, банкроттық рәсімін қолдана отырып), содан кейін бұл ұйымдар құрылыстың аяқталуын қамтамасыз ете алады. Осы ұйымдардың үлесіндегі тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін не нарықтық құны бойынша сатылады, не коммуналдық меншікке беріледі.
3-тетік.
Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.
4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу
Үкімет ел экономикасының қаржы секторы мен маңызды субъектілерінің орнықтылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде тиісті іс-қимылдар жоспарын әзірлейтін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға жүктелетін болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде жобаларды бірлесіп қаржыландыру, тікелей және портфельді инвестициялау, бірлескен қорлар құру құралдары пайдаланылатын болады.
5. Банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау
Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) реттеуіш талаптарды қатаңдату жолымен ЕДБ-нің сыртқы қорлануға тәуелділігін азайту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады, сондай-ақ Ұлттық Банктің ЕДБ белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, оның ішінде, сыртқы міндеттемелер мен активтері өсуінің шектелуіне байланысты қарыз беруді регламенттейтін тиісті келісімдер жасалатын болады.
6. Мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын, оның ішінде, қаржы нарығы субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қаржы нарығы субъектілерінің қабылданған міндеттемелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін қамтамасыз ету
ҚҚА, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін, сондай-ақ тиісті ақпарат алмасу шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл мен ақпараттар алмасуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл бағытта мониторинг жүргізу үшін қосымша индикаторлардың тізбесі айқындалады.
Мемлекеттің нарықтағы дұрыс ұстанымдануы жөніндегі саясатын одан әрі іске асыру және елдің экономикалық құрамдас бөлігінің жайлы, адал бағалауға қол жеткізуі үшін халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жанданатын болады.
Үкімет пен Ұлттық Банк халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктер тарапынан сыпайы бағаларды алу мақсатында мемлекеттің жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және ақша-кредит саясаты туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Сондай-ақ экономика мен қаржы нарығының маңызды субъектілерінің қабылдаған міндеттемелер үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ел заңнамасының талаптары қатаңдатылатын болады, оның ішінде ЕДБ басшыларына банктерді банкроттыққа дейін жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қолдауға ықпал ететін болады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1329 (бұр.ред.қара); 2008.16.04. № 347 (бұр.ред.қара) ; 2008.04.05. № 409 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 600 (бұр.ред.қара); 2008.23.08. № 764 (бұр.ред.қара); 2008.23.12. № 1206 (бұр.ред.қара); 2009.25.05. № 768 (бұр.ред.қара); 2009.06.08 № 1187 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1039 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары