Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м. а.
2007 жылғы 4 қазандағы № 292 бұйрығы
(Үзінді)
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2002 жылғы 17 мамырдағы № 169 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1887 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 38, 697-құжат);