7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5 %, санитария-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1 %, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8 % төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 6 132,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
161-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8210718 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз он миллион жеті жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;
- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу;
- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;
- Орталықтандырылған деректер қорының (Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры) жұмыс істеуін қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық, қалалық, аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын автоматтандыру.
Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер деректер базасының тиімді жұмыс істеуі.
Орталықтандырылған деректер қоры және Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын қолданушылар (Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың филиалдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттері, Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары) арасындағы деректер берудің корпоративтік желілерінің жұмыс жағдайын қолдау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақылардың, жәрдемақылардың және әлеуметтік төлемдердің толық, дұрыс және уақытылы төленуін қамтамасыз ету;
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік жарналардың және Қордан әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын және толық есепке алуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың шоттары арқылы өткізілетін қаржылық ағымдарға әкімшілік ету шығындарының үлесі "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатысты 1,32 пайызға дейін төмендейді.
Уақтылығы: бір жыл ішінде күн сайын.
Сапасы: зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы және толық төленуін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
162-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64757 мың теңге (алпыс төрт миллион жеті жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу. Пайдаланудағы деректер базасын кеңейту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. «Әлеуметтік Карта» ақпараттық жүйесінің жаппай енгізілуін ескере отырып «Атаулы әлеуметтік көмек» ақпараттық-есептеу жүйесін дамыту. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар ақпараттық жүйесін облыстарда, Астана, Алматы қалаларында әзірлеу және енгізу.
Түпкі нәтиже:
- орталық және өңірлік атқару органдарын ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; www.enbek.kz сайтында халықты елдің еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс жағдайы жөнінде ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенің енгізілуі пайдаланушылардың еңбек өнімділігін орта есеппен 10 пайызға арттырады.
Уақытылылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: қабылданған шаралар кедейлікті төмендетудің белсенді саясатының іске асырылуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Халықтың елдегі еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың күйі жөнінде хабардар етілуі халықтың еңбек ұтқырлығына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
163-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық
жүйесін дамыту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 750000 мың теңге (жеті жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысы 2-тармағының 5.1.2.-тармақшасы; «2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысының 10-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін жасау және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына бақылау жасау және мониторинг ұйымдастыру;
- зейнетақы жүйесіне қатысушылар (салымшылар) шарттарының бірыңғай қорының өзектендірілуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ҚР ЕХӘҚМ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменттеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріндегі жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектерді есепке алу 98%-ға жеткізілетін болады.
Зейнетақы аударымдарының жалпы санындағы қайтарымдардың абсолюттік сомасын 2-3%-ға дейін төмендету.
Зейнетақы салымдарының 100% құпиялылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
164-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген,
адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» деген 016 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 267 424 мың теңге (бір миллиард екі жүз алпыс жеті миллион төрт жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 945-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- таратылған заңды тұлғалардың бірінші кезектегі, кредиторлар алдындағы, зиянды өтеу жөніндегі мерзімді уақыттық төлемдерді капиталдандыру бөлігінде өтеу;
- зардап шеккендерге тиесілі сомаларды заң актілерінде қарастырылған тәртіппен уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізу.
Түпкі нәтиже: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемдердің капиталдандыру көлеміне байланысты орташа мөлшері 150 000 теңгеден 989 000 теңгеге дейін.
Уақтылығы: сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: сот шешімдерінің уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
165-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі