7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2007 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және жайластыру;
- 2007 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 80 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау;
- 67 393 мың теңгеге Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша облыстық Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимаратын күрделі жөндеу.
Түпкі нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының - халқының санын өсіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 789 952 теңге.
Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
169-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі
мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы
нысаналы трансферттер»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600852 мың теңге (алты жүз миллион сегіз жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21, 22-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер аясын кеңейту арқылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес уақытылы:
жеке көмекшімен;
ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін уақытында ұсыну;
- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 1753 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, мүгедектерді 1114 жеке көмекші қызметтермен қамтамасыз етеді, 6529 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
Ақмола облысы - 63, 72, 712;
Ақтөбе - 33, 54, 642;
Алматы - 56, 51, 673;
Атырау - 80, 25, 350;
Шығыс Қазақстан - 192, 70, 369;
Жамбыл - 91, 62, 84;
Батыс Қазақстан - 143, 133, 180;
Қарағанды - 181, 137, 442;
Қостанай - 102, 59, 479;
Қызылорда - 139, 80, 220;
Маңғыстау - 20, 35, 249;
Павлодар - 167, 62, 157;
Солтүстік Қазақстан - 100, 45, 430;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 151, 86, 842;
Астана - 152, 77, 355;
Алматы қаласы - 83, 66, 345 тиісінше.
Түпкі нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтер сапасын және қол жеткізілімділігін кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекшінің қызметтері - айына 17965 теңге, ымдау тілі маманының жылына 30 сағат сурдоаударма 43865 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына 3622 теңге самасында ұсынады.
Уақтылығы: ай сайын.
Сапасы: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамға кірілуіне ықпал етеді.