«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)»
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 442-447-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
442, 443, 444, 445, 446, 447-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.