Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1087 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың төртінші абзацында:
«Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «Ұлттық ғарыш агенттігінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «Білім және ғылым министрлігі» деген сөздер «Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамына:
мыналар енгізілсін: