«2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы» ХАТТАМА (Ташкент, 2003 жыл 5 қыркүйек)

2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым
туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Ташкент, 2003 жыл 5 қыркүйек)

 

ҚР 2008.08.04 № 25-IV Заңымен ратификацияланды 

2004 жылғы 1 қазанда күшіне енді

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы (бұдан әрі - Келісім) 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес,

төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

 

1-бап

 

Келісім 2-бабының бірінші абзацындағы «Қырғыз Республикасы Бішкек» сөз тіркесі «Өзбекстан Республикасы Ташкент» сөз тіркесімен алмастырылады.

 

2-бап

 

Осы Хаттама бекітуге жатады және депозитарийге төртінші ратификациялық грамотаны сақтауға берген күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.

 

3-бап

 

осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкент қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сонымен қатар екі мәтіннің де күші бірдей.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН