«Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы (Жоба) (2007 жылғы 31 қазан)

Жоба

Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы
№ 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы № 1011 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат; 2006 ж., № 20, 194-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

1-бөлімде:

төртінші абзацтағы «этникалық топтардың тілдерін дамыту» деген сөздерден кейін және «ағылшын тілін іскерлік қарым-қатынасқа енгізу» деген сөздермен толықтырылсын;

бесінші абзац «енгізуді жүзеге асыру» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«республика азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасау»;

3-бөлім мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Сонымен бірге Президент»»Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «... «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс...«, - деп айтқан болатын. Осыған орай қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде дамытуды да мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қолға алу керек.»;

4-бөлімде:

3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Мемлекеттік терминология комиссиясының мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.