«Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру
және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке
алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2004 жылғы 16
сәуірдегі № 61 қаулысы
(2005.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 24 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.05.12. № 155 Қаулысымен тақырыбы, кіріспе және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.