2007 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы
III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XXVIII сессиясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 28/2 шешімі
(2007.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 24 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-III және «2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/104-III «Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 20/303-III шешімдеріне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Өскемен қалалық мәслихатының 2007.15.02 № 31/4; Өскемен қалалық мәслихатының 2007.16.04 № 32/2 шешімдерімен 1 тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сай келесі мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 10013563 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 5299378 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 17 992 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1989634 мың теңге;
трансферттердің түсімі - 2706559 мың теңге;
2) шығындар - 9850780,6 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 162782,4 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 226723 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - -63940,6 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 63940,6 мың теңге.
2. 2007 жылға арналған қала бюджетінің түсімдерін мыналардың есебінен қалыптастыру белгіленсін:
1) төлем көзінен ұсталатын, кірістерге салынатын жеке табыс салығының алымдарынан;
2) әлеуметтік салық алымдарынан;
3) акциздік салықтардан;
4) төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығының кірістерінен;
5) қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығынан;
6) мүлікке салынатын салықтан;