«Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 379 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-61, 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Қостанай» газеті, бұрын «Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мәслихаттың 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 329 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-63, 2007 жылғы 6 ақпандағы № 10 «Қостанай» газеті, «Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мәслихаттың 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 348 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-72, 2007 жылғы 15 мамырдағы № 38 «Қостанай» газеті, өзгерістер енгізілген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 10814875 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 7635568 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 46490 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1368107 мың теңге;
трансферттер түсімдері 1764710 мың теңге.
2) шығыстар 11750094 мың теңге;
3) операциялық сальдо -935219 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1000 мың теңге;
6) тапшылық -930675 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру 930675 мың теңге».