«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хаттама (Ашхабад қ., 2007 жыл 22 қараша )

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы
Мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Хаттама
(Ашхабад қ., 2007 жыл 22 қараша)

 

2008.01.07. № 52-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

төмендегілер туралы келісті:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-баптың бірінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:

«ТМД-ның үкіметаралық органы болып табылатын».

1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикалық кеңестің мүшелері атқарушы биліктің тиісті орталық органдарының, сондай-ақ мемлекеттердің атынан тиісті өкілеттіктер берілетін, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық ведомстволары мен ұлттық энергетикалық компанияларының басшылары болып табылады».

1.3. 1-бап үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Электр энергетикалық кеңесте бір дауысқа ие болады».

1.4. 2-баптың 2.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикасы саласындағы бірлескен экологиялық бағдарламаларға қатысу».

1.5. 2-бап мынадай тармақтармен толықтырылсын:

«2.14. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмысының техникалық ережелерін әзірлеу.

2.15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерінің өзге де энергия бірлестіктерімен өзара іс-қимылын үйлестіру.

2.16. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге еуропалық және әлемдік энергетикалық қоғамдастықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу».

1.6. 2-баптың 2.2-тармағындағы «үйлестірілген» деген сөз алынып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.