Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 181 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті сақтандыру түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта, сонымен қоса Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесі Қосымшасының атауында «шығындылық коэффициентін» деген сөздер «шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесінде:
атауында «шығындылық коэффициентін» деген сөздер «шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспеде «шығындылық коэффициентін» деген сөздер «шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті)» деген сөздермен ауыстырылсын;