Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау туралы Астана қаласының әкімінің
2004 жылғы 26 шілдедегі № 3-1-1531қ Қаулысы
(2005.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 23-887қ Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау Ережесі бекітілсін (1-қосымша).
2. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия 2-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия туралы Ереже бекітілсін (3-қосымша).
4. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
| Астана қаласының әкімі | Ө. Шөкеев |
| Әкімнің бірінші орынбасары | С.С. Есіліов |
| Әкімнің орынбасары | А.С. Мамытбеков |
| Әкімнің орынбасары | Т.М. Мұхамеджанов |
| Әкімнің орынбасары | М.Е. Толыбаев |
| Әкімнің орынбасары | С.В. Фомичев |
| Әкім аппаратының басшысы | К.Ж. Тамабаев |
| Әкім аппараты құжаттамалық сараптама бөлімінің меңгерушісі |
Ж.Б. Ертаев |
| Қаржы департаментінің бастығы |
А.Е. Асқарова |
| Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментінің директоры |
А.Д. Керімбеков |
| Білім департаментінің директоры | А.М. Рахымжанов |
| Ішкі саясат департаментінің директоры | Е.Б. Саиров |
| Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы |
А.С. Демеуова |