24-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған резерві 227 976 965 мың теңге сомасында бекітілсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына 8 733 838 мың теңге сомасында;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 36 564 139 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беруге 16 200 000 мың теңге көзделсін.
2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 656 007 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2007 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 25 290 мың теңге көзделсін.
2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 4 379 120 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған 2 260 782 мың теңге сомасындағы материалдық құндылықтарды сатудан түскен қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.
30-бап. 2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі талаптары, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылатын болып белгіленсін.
2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 3 083 486 мың теңге көзделсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. 2008 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 40 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. 2008 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 1 113 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. 2008 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 10 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
36-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
37-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2008 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 5-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгіленсін.
38-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.