Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу,
статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Покурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы № 46 бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 Бұйрығымен күші жойылды
Жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу жөніндегі статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күштері жойылды деп танылсын: