28. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілмейтін жалақыға қоса берілетін сыйлықақыларға және сыйақылардың басқа түрлеріне шығыстарды субъект (мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) таза табыстан (іс жүзіндегі пайдадан) жүзеге асыра алады.
29. Инвестицияларды субъектілер өз қаражаты және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін. Кәсіпорынның өз қаражатының көздері пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Қарыз қаражатын қайтару пайда және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
30. Акцияларды (үлестерді) сатып алу, сондай-ақ субъектінің коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге нысандары уәкілетті органның келісімі бойынша субъектінің таза табысының (іс жүзіндегі пайдасының) есебінен жүзеге асырылады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі
31. Субъектілердің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) қалыптастыру және бекіту кезінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінде мыналар ескерілмейді:
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың және қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетіспеушілігіне, басқа өндірілмейтін шығыстар мен ысыраптарға шығыстар;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
3) сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және/немесе сыйақылар төлеуге шығыстар;
4) ластайтын заттардың нормативтен тыс шығарындыларына (тастандыларына) төлемдер;
5) сот шығындары;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері;
7) ұрлықтан болған залалдар;
8) сапасыз өнімді өндіруден (атаудан) болған шығындар;
9) қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарды ұстауға шығыстар;
10) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, технологиялық қажеттіліктен басқа, құзыретті органмен келісілген кәсіптік-техникалық училищелерді ұстауға шығыстар;
11) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға шығыстар;
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, спектакльдер, концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;
13) кәсіпорындар қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеуге шығыстар;
14) бақша серіктестіктерін абаттандыруға (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) шығыстар;
15) дәрістер, көрмелер, диспуттар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналарға шығыстар;
16) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, жарнамалық, плакаттық және типографиялық өнімдер шығаруға шығыстар;
17) субъектінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалардан және қонақ үйлерден орын сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар;
18) қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға және жұмыстың осындай ұқсас түрлеріне шығыстар;
19) білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;
20) сыйлықақы және басқа да сыйақы нысандарын беруге шығыстар;
21) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектінің қаражаты есебінен қызметкерлерді және олардың балаларын емдеуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларды төлеуге шығыстар;
22) өз қызметкерлеріне медициналық көмек беруге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);
24) қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге шығыстар;
25) демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;
26) заңнамада көзделгеннен басқа, субъектінің қызметкерлеріне жеңілдіктер;
27) мерейтойлар күніне арналған немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ пайдаланатын заттарды және басқа тауарларды, сондай-ақ қызметкерлердің жеке шоттарының пайыздық ставкасын көбейтуді қоса алғанда) сатып алуға шығыстар;
28) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерьлеріндегі балаларды тамақтандыру құнын өтеуге шығыстар;
29) ұжымдық шартпен айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға арналған аударымдар;
30) өндірісті өнертапқыштыққа және рационализаторлыққа: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертабыс және рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді дайындауға және сынауға, өнертапқыштық және оңтайландыру бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар;
31) реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге және көрсетуге тікелей қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өсуіне әкелетін шығыстардың басқа да түрлері.
6. Уақытша өтемдік тарифті есептеу және бекіту тәртібі
Уақытша өтемдік тарифті бекіту үшін негіздер
32. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына залал келтірген әрекеттер жасауы уақытша өтемдік тарифті бекіту үшін негіз болып табылады.
33. Субъектінің тұтынушыларға залал келтірген әрекеттері мыналар болып танылады:
1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) заңсыз көтеру;
2) тарифке (бағаға, алым ставкасына) іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын енгізу;
3) бекітілген тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатсыз пайдалану;
4) тарифтік сметаға салынған, шығындарды оңтайландыру немесе өндірістік активтердің жаңаларын жасауға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға реттеліп көрсетілетін қызметтердің неғұрлым тиімді әдістері мен оларды ұсыну технологияларын қолдану нәтижесінде туындаған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігін бағыттауды қоспағанда, тарифтік смета шығындарының баптарын орындаудың бекітілген мөлшерден бес пайыздан астам ауытқуы.
Уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі
34. Уақытша өтемдік тарифті уәкілетті орган:
1) субъектінің қызметіне жүргізілген тексерістер нәтижелерінің;
2) субъектінің уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаны орындауын талдау нәтижелерінің негізінде бекітеді.
35. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген фактілерді анықтау үшін уәкілетті орган субъектіден қажетті ақпаратты оны ұсыну мерзімдерін, бірақ кемінде бес жұмыс күнін көрсете отырып сұратады.
36. Уақытша өтемдік тарифті енгізу тексеру жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
37. Субъект уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты оны қолданысқа енгізгенге дейін он күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.
38. Уәкілетті органның субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
39. Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы уәкілетті органның шешіміне субъект сот тәртібімен шағымдана алады.
40. Уақытша өтемдік тариф қолданылған кезеңде субъект уәкілетті органға осы Ережеге сәйкес өтініш жасай алады.
Бұл ретте жаңа тариф (баға, алым ставкалары) деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тұтынушыларға өтегендерін шегеріп тастағандағы негізсіз алынған табыстың сомасына кемиді.
Уақытша өтемдік тарифтің мөлшерін есептеу тәртібі
41. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер анықталған жағдайда уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің және субъект жол берген бұзушылықтар кезеңінде іс жүзінде алынған табыстардың көлемін анықтайды.
42. Субъекті жіберген бұзушылықтар кезеңі:
1) осы Ереженің 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда субъект уәкілетті орган бекіткен заңсыз жоғарылатылған тариф алған кезең;
2) осы Ереженің 33-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайда уәкілетті орган субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік смета бекіткен жыл саналады.
43. Осы Ереженің 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
НТ = (Т1Т) х V1, мұндағы:
Т1 - субъект іс жүзінде қолданған реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны, теңге;
Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
V1 - бұзушылықтарға жол берілген кезеңде субъектінің реттеліп көрсеткен қызметтерінің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштеріндегі іс жүзіндегі көлемі.
Осы Ереженің 33-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
НТ = Амақсатсыз, мұндағы:
Амақсатсыз - бекітілген тарифте (бағада, алым ставкасында) және (немесе) тарифтік сметада амортизациялық аударымдар қаражаты есебінен көзделген, табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге күрделі салымдарға және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсатқа бағытталған қаражат, теңге.
44. Осы Ереженің 33-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
НТ = З, мұндағы:
З - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жалпы шығындармен салыстырғанда шығындарды жалпы жете игермеу, теңге.
45. Субъектінің уақытша өтемдік тариф қолданылатын кезеңде алатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын шегергендігі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға тиіс.
Субъект уақытша өтемдік тариф қолданылу кезеңінде алатын табысты айқындау үшін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгі ықтимал шекті деңгейі (Тшек) мынадай формула бойынша есептеледі:
Т х V - (П + 0,5 х А),
Тшек = ---------------------------------- мұндағы:
V
Тшек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгі ықтимал шекті деңгейі, теңге;
Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі;
П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
А - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге.
46. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (Төтем) мынадай формула бойынша айқындалады:
Т х V - НД
Төтем = -------------------------, мұндағы:
V
Төтем - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі.
47. Уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданылу кезеңін (бұдан әрі - қолданылу кезеңі) айқындайды:
1) егер Төтем < Тшек болған жағдайда қолданылу кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НT
n = ----------------------------------, мұндағы:
(Т - Тшек) х V
n - уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі;
Төтем - уақытша өтемдік тариф, теңге;
Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;
Тшек - тарифтің ең төменгі ықтимал шекті деңгейі, теңге;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің табиғи монополияның тиісті саласының заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемі.
Уақытша өтемдік тариф тарифтің ең төменгі ықтимал шекті деңгейінің шегінде бекітіледі:
Төтем = Тшек;
2) егер Төтем > = Тшек болған жағдайда қолданылу кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НТ
n = ----------------------------
(Т - Төтем) х V
ҚР Үкіметінің 2009.20.04. № 556 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін оңайлатылған
мемлекеттік реттеу ережесіне
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(субъектінің атауы)
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета
| Р/с № | Көрсеткіштердің атауы* | Өлшем бірлігі | Қолданыстағы тарифте бір жылға арналған есептемемен қабылданғаны, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Тауарлар өндіруге және қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар, барлығы | мың теңге |
|
|
| 1 | Материалдық шығындар, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 1.1 | шикізат және материалдар | -//- |
|
|
| 1.2 | энергия | -//- |
|
|
| 1.3 | ЖЖМ | -//- |
|
|
| 1.4 | отын | -//- |
|
|
| 1.5 | сатып алынатын энергия | -//- |
|
|
| 1.6 | сатып алынатын су | -//- |
|
|
| 2 | су шаруашылығы және кәріз жүйелері электр энергиясының технологиялық шығысы (нормативтік ысыраптар) | -//- |
|
|
| 3 | Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 3.1 | жалақы | -//- |
|
|
| 3.2 | әлеуметтік салық | -//- |
|
|
| 4 | Амортизация | -//- |
|
|
| 5 | Жөндеу, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 5.1 | негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу | -//- |
|
|
| 6 | Өзге шығындар, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 6.1 | байланыс қызметтері | -//- |
|
|
| 6.2 | жүктерді бөгде ұйымдардың тасымалдауы | -//- |
|
|
| 6.3 | күзет қызметтері | -//- |
|
|
| 6.4 | іссапар шығыстары | -//- |
|
|
| 6.5 | кадрлар даярлау | -//- |
|
|
| 6.6 | еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі | -//- |
|
|
| 6.7 | табиғи ресурстарды (суды және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы | -//- |
|
|
| 6.8 | іске қосу-реттеу жұмыстары | -//- |
|
|
| 6.9 | өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау, дератизациялау, қоқыс шығару және басқа да коммуналдық қызметтер | -//- |
|
|
| 6.10 | міндетті сақтандыру түрлері | -//- |
|
|
| 6.11 | лицензияларды сатып алу | -//- |
|
|
| 6.12 | қоршаған ортаны қорғау | -//- |
|
|
| 6.13 | басқа да шығындар (толық жазу қажет) | -//- |
|
|
| II | Кезең шығыстары, барлығы | -//- |
|
|
| 7. | Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы | -//- |
|
|
| 7.1 | Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 7.1.1 | әкімшілік персоналдың жалақысы | -//- |
|
|
| 7.1.2 | әлеуметтік салық | -//- |
|
|
| 7.2 | банк қызметтері | -//- |
|
|
| 7.3 | амортизация | -//- |
|
|
| 7.4 | техникалық басқару құралдарын, есептеу техникасын және т.б. ұстауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар | -//- |
|
|
| 7.5 | коммуналдық қызметтер | -//- |
|
|
| 7.6 | бөгде ұйымдардың қызметтері | -//- |
|
|
| 7.7 | іссапар шығыстары | -//- |
|
|
| 7.8 | өкілдік шығыстар, мерзімді баспасөзге, байланысқа жұмсалатын шығыстар | -//- |
|
|
| 7.9 | еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі | -//- |
|
|
| 7.10 | жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау | -//- |
|
|
| 7.11 | салықтар | -//- |
|
|
| 7.12 | басқа да шығыстар (толық жазу қажет) | -//- |
|
|
| 8 | Өткізу қызметін ұстауға жұмсалатын шығыстар, барлығы | -//- |
|
|
|
| оның ішінде: |
|
|
|
| 8.1 | жалақы | -//- |
|
|
| 8.2 | әлеуметтік салық | -//- |
|
|
| 8.3 | түбіртектерді ресімдеуге жұмсалатын шығыстар | -//- |
|
|
| 8.4 | қызметтерді өткізуге байланысты амортизация (оның ішінде су өлшегіштердің) | -//- |
|
|
| 8.5 | ағымдағы жөндеу | -//- |
|
|
| 8.6 | негізгі құралдардың құнын ұлғайтуға алып келмейтін күрделі жөндеу | -//- |
|
|
| 8.7 | маркетингтік қызметтер | -//- |
|
|
| 8.8 | басқа да шығыстар (толық жазу қажет) | -//- |
|
|
| 9 | Сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар | -//- |
|
|
| III | Шығындардың барлығы | -//- |
|
|
| IV | Пайда | -//- |
|
|
| V | Кірістердің барлығы | -//- |
|
|
| VI | Көрсетілетін қызметтердің көлемі | мың м3, мың Гкал, кВтсағ |
|
|
| VII | Номрмативтік ысыраптар | мың м3/мың теңге мың Гкал/мың теңге кВтсағ/мың теңге |
|
|
| VIII | Тариф (ҚҚС-сыз) | мың м3, мың Гкал, кВтсағ |
|
|
Басшы ______________________________________________________
(лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
М.О
*- шығындар қыжет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
монополиялар субъектілерінің
қызметін оңайлатылған
мемлекеттік реттеу ережесіне
2-қосымша
__________________________________________________________
(субъектінің атауы)
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне _________ жылға арналған
тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп
| Р/с № | Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделгені | Тарифтік сметаның іс жүзінде қалыптасқан көрсеткіштері | Ауытқу %-бен | Ауытқу себептері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|